» » Министр оңтүстіктен солтүстікке көшкен қазақстандықтардың неге қайтып жатқанын түсіндірді

Министр оңтүстіктен солтүстікке көшкен қазақстандықтардың неге қайтып жатқанын түсіндірді

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова Сенаттың жалпы отырысында оңтүстіктен солтүстікке көшкен қазақстандықтардың неліктен қайтып келіп жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Былтыр оңтүстіктен 19 адам түрлі себептермен көшіп келді: климат жақпады, суық, біреулерінің денсаулығына кері әсерін тигізді. Осы себептерден қайтып келіп жатты", - деді министр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. Ресми мәліметтерге қарағанда, былтыр Қазақстанның солтүстік өңірлеріне 3 800 отбасы көшкен. "Көрсеткіш өсіп жатыр. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Биыл біз 9 000 адамды көшірмекшіміз, бұл шамамен 4 500 отбасы. Сондай-ақ, жәрдемақының жеткіліксіз екені жайлы мәселе көтерілген болатын. 76 мың теңге. Бұл көшкен әрбір отбасы мүшесіне беріледі. Мұнымен қоса, оларға басқа да қолдау көрсетіліп жатыр", - деп түсіндірді Мадина Әбілқасымова..

29 наурыз 2018 ж. 1 053 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031