» » Сөз зергерлері арқа жерінде

Сөз зергерлері арқа жерінде

 Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде Х Республикалық журналистика олимпиадасы өтіп жатыр. Аталмыш сайысқа 16 жоғарғы оқу орнынан 48 студент қатысуда.
Білім бәсекесі 2 күнге жоспарланды. Олимпиадаға телевизияның 60 жылдығы арқау болды. Сайыстың ашылу салтанатында филология факультетінің деканы Әбдуов Мұхаметқали Ілиясұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі.Жүктелген тапсырмабойынша студенттер сюжет дайындап, эссе жазды. Сонымен қатар, бірнеше журналистика пәндерінен  тест тапсырды. Олимпиаданың соңғы күні журналистің жеделділігін айқындау мақсатында жедел ақпарат сайысы бойынша сынға түсуде.
Сондай-ақ, студенттер мен оқытушыларға шахтер шаһарының көрікті жерплерін көрсетті. Олар Сарыарқа археологиялық мұражайы мен университет музейін аралады. Мұражай меңгерушісінің сөзінше, мұндағы ең көне жәдігерге 2000 жыл болған. Әр жәдігер жеке-жеке нөмірленген. Студенттер Арқа жерінің талай тарихи құндылықтарымен танысып қайтты.
Аслан Қажиев
IT Университеті
30 наурыз 2018 ж. 801 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031