» » ШАҢҒЫ СПОРТЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН МЕҢГЕРДІ

ШАҢҒЫ СПОРТЫНЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН МЕҢГЕРДІ

  Соңғы 15 жыл дәстүрлі түрде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті басшылығының қолдауымен 5В010800 – дене шынықтыру және спорт мамандығының ФКС-17-1, ФКС-17-3 оқу топтарының 25 студенті шаңғы спортынан оқу практикасын Ақмола облысы, Щучинск қаласында өткізіп келді.
    Оқу практикасына Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі Ж.М.Есіркепов, аға оқытушы С.Ө.Ержанов және Дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі В.В.Мощеев жетекшілік жасады.
    Студенттер оқу практикасында хоккей, шаңғы спортының әдіс-тәсілдерін меңгерді. Оқу практикасы соңында шаңғы спортынан 5 км қашықтықта норматив тапсырды. Сонымен қатар Қазақстанның ең сұлу да көркем өңірінің ғажап табиғатымен танысып, «Оқжетпес», «Жұмбақтас», «Абылайхан» алаңына экскурсия жасап, рухани азық алып қайтты.
12 ақпан 2018 ж. 1 299 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031