Аустралияда ОҚЫДЫҢЫЗ БА?
Бүгінде Аустралияда шамамен 25 мың шетел студенті туристік және жұмыс істеу визаларымен ағылшын тілінің қысқа мерзімді курстарынан, сондай-ақ, туристік бағдарлама бойынша тағылымдамалардан өткен.
Білім сапасы мен шетел студенттерінің сенімділігін жоғарылату мақсатында Аустралия үкіметі халықаралық білім беру мекемелеріне талапты күшейткен. Сонымен бірге ел үкіметі оқу мен оқыту жүйесінің тұрақтылығын реттеп отыру үшін тиісті заңнамалық кодекстер мен нормативтік құжаттар әзірлеген. Нәтижесінде аустралиялық диплом әлем бойынша беделге ие. 2000 жылы Аустралияда білім алған шетелдік студенттер, сондай-ақ, шетелде аустралиялық білім беру бағдарламаларына қатысқандар саны 15%-ға өскен. Бұл көрсеткіш Аустралияның шетелдік студенттер санынан әлдеқайда жоғары. Өйткені шетелдік студенттер арасында танымал АҚШ пен Ұлыбританияда бұл статистика небәрі 5%-ға өскен. Осылайша Аустралия басқа елдермен салыстырғанда жоғары оқу орнындағы студенттер саны бойынша көш бастап тұр (12,6%).