» » МӘЖІЛІСМЕН ХҚКО ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

МӘЖІЛІСМЕН ХҚКО ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

  Елбасының «7-20-25» бастамасын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мәжіліс депутаты Балайым Кесебаева «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Қызылорда облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде болып, жаңадан қосылған мемлекеттік қызметтер бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, департамент жұмысына оң бағасын берді.
Халық қалаулысы қазіргі уақытта көптеген қызметтерді алу үшін қажетті құжаттар тізбесі барынша азайтылғаныны атап өтті.
«Облыстарға жұмыс сапарым барысында міндетті түрде ХҚКО-тарына барып, халықпен жүздесуді жөн көремін. Өйткені дәл осы жерде Елбасының Жолдауындағы басым бағыттарының бірі - «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуы толық көлемде сезіледі», – деді  Б.Кесебаева.
Сонымен қатар, астаналық мейман департамент жанындағы «Нұр Отан» бастауыш партиясының қызметімен танысты. Одан кейін қызметкерлермен кездесіп, мемлекеттік қызмет көрсету және саланың басқа да мәселелі сұрақтары бойынша пікір алмасты.
31 наурыз 2018 ж. 1 061 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031