» » Кәсіпкерлерді тексеру азаяды

Кәсіпкерлерді тексеру азаяды

Бұл туралы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ерқанат Кеулімжаев жылды қорытындылауға арналған баяндамасында мәлімдеді.
«Өткен жылы қолға алынған кәсіпкерлерді жоспарлы түрде тексеру жұмыстарын қысқарту бүгінде өз нәтижесін беруде. Түсіндірме амалдарын жүргізу тексеруден тиімдірек екенін әлемдік тәжірибелер дәлелдеген. Қазіргі таңда тұтынушылар тарапынан келіп түсетін арыз-шағымдарға баса мән берудеміз. Кәсіпкерлікті жүргізетін фактор қарапайым халық болғандықтан, олардың талап-арыздары міндетті түрде қаралады»,– деді Е.Кеулімжаев. ЕЭО техникалық регламенттерінің жобалары, ұлттық және мемлекеттік стандарттар және басқа да қабылданған нормативтік құжаттарды көпшілікке таныстыру мақсатында былтырдан бүгінге дейін 24 оқу семинары, 32 дөңгелек үстел ұйымдастырылған. Онда 16 ұсыныс түсіп, уәкілетті органдарға жолданған. Кездесу соңында департамент басшысы БАҚ өкілдерін аталмыш комитет сараптаған сапа стандартына сәйкес келмейтін тауарларды халыққа насихаттау барысында бірге жұмыс жасауға шақырды.
22 ақпан 2018 ж. 733 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031