» » ШОҚАННЫҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ

ШОҚАННЫҢ ЖҰМБАҚ ӨЛІМІ

   Шоқан Уәлихановтың Тезек төренің ауылында өкпе ауыруынан қайтыс болды деген дерекке сеніп келдік. Дегенмен бүгінде тарихшы ғалымдар Шоқанның өліміне күмәнмен қарап, ғалымға ажал құштырған мерзімсіз келген ауру емес, қолдан жасалған қастандық екендігін жиі айтуда. Ұлы ағартушының жаны мәңгі тыныштық тапқан жердің тарихына терең үңілу мақсатында Алматыдан 180 шақырым қашықтықта, Сарыөзек кентінің маңында орналасқан, бүгінде Шоқан ауылы атанып кеткен елді мекенге ат басын тіреген едік.        Мұражайда Шоқан өмірінің соңғы жылдарынан көбірек мәлімет білгіміз келетіндігін жасырмадық. Өкінішке қарай, елімізде шоқантануды түбегейлі қолға алған тарихшы ғалымдардың қатары сирек, тіпті, мүлдем жоқ деуге болады. Шоқанның 1965 жылдан кейін бірнеше жыл өмір сүргендігі жайлы деректер табылған соң, мұндағы бейітте жатқан сүйек Шоқандікі болмауы мүмкін деген болжамның бар екендігін алға тартқан едік. Осы орайда, біздің күмәнімізді сейілту үшін мұражай қызметкері Шынар Әуелбекова мынадай бір оқиғаны баяндап берген еді.       - Матай тауының баурайында орналасқан ауыл тұрғындарының бірі күндердің бір күнінде ағып жатқан шағын өзеннің арғы бетінен жерге қадалған үлкен ақ тас тауып алады. Пішіні ерекше тасқа таңданған адам: «диірмен жасауға таптырмас тас екен» деп оны қазып алып, екіге бөлуді көздейді. Осы кезде тастан ұшқан жарықшақ әлгі кісінің көзіне кіріп, жанарын зақымдайды. Мұны естіген өзге жұрт бұл тасты киелі деп біліп, қайтадан өз орнына тұрғызу керектігін айтады. Тасты қайтадан орнына қадап қойғаннан кейін әлгі кісінің көзі де жазылып кетеді екен. Міне осы жағдайдан кейін бүкіл ауыл бұл тасты киелі деп санап, қаншама жыл оған сыйынып келген. Ал таста жазылған орысша және арабша жазуға әріп танымағандықтан ешкім мән бермеген екен. Осылайша, тек 1945 жылы ғана, бұл генерал Колпаковскийдің Шоқанға орнатқан құлпытасы екендігі белгілі болады. Осыдан кейін Алматыдан арнайы зерттеуші топ келіп, тас тұрған жерді қазып Шоқанның мәйітін табады. Ал таста міне өздеріңіз көріп тұрғандай: «Бұл жерде штaбс-ротмистeр Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың мүрдесі жатыр. 1865 жылы қaйтыс болды» деп орысша жазылған. Ал төменгі тұсында: «бұл ескерткішті Шоқанның ғылымға қосқан еңбегін ескере отырып, 1881 жылы генерал-лейтенант Колпаковский қойдырды» деп жазылған әрі арабша аудармасын да берген. ЖАЗИРА БЕРҒАЛИЕВА
el.kz
13 шілде 2018 ж. 1 618 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031