Ресми Головкин мен Альварес арасындағы қарымта кездесу болмайды: Оған себеп...
Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) командасы бесінші мамырдағы айқасқа жаңа қарсылас іздестіре берсе болады. Себебі мексикалық Канело Альвареспен (49-1-2, 34 КО) қазақстандық әлем чемпионының арасындағы реванш сөзсіз болмайды.

«Менің пікірімше, Головкин-Канело айқасы болмайды, бұл жекпе-жек енді жоқ. Невададағы Альвареске қатысты тыңдау 18 сәуірге ауыстырылды. 5 мамырдағы күрес әлі де болады дегенді елестете алмаймын », – деп хабарлады ESPN Deportes Маврисо Сүлейманның сөзін келтіріп.
Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының алдында допинг-тестен өткен Канелоның қанынан кленбутерол табылды. Оның ісіне қатысты шешім 18 сәуірде Невада Атлетикалық Комиссиясының шешімімен жасалады. Алдын ала болжам бойынша, боксшы жарты немесе бір жылға спорттан аластатылып, айыппұл төлейді.