» » 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

5 қалада ауа сапасы нашарлайды

  3 сәуір күні Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Атырау, Ақтау, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Тараз, Орал қалаларында метеожағдайлар жақсарып, зиянды заттардың сейілуіне ықпал ететін болады. Ал Талдықорған, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе және Алматы қалаларында метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына алып келеді.
Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазгидромет (www.kazhydromet.kz) сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) болжамы жарияланады. ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.

03 сәуір 2018 ж. 1 187 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031