Еліміздің 7 қаласында ауа сапасы төмендейді
2 наурыз күні Қазақстанның 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Астана, Ақтөбе, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Теміртау, Шымкентқалаларында метеорологиялық жағдайлар ластаушы заттардың атмосферада жиналуына ықпал ететін болады. Ал Алматы, Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Көкшетау, Қызылорда, Өскемен, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Таразқалаларында метеожағдайлар ластаушы заттардың ауада керісінше, ыдырауына ықпал етеді.
Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазгидрометтің www.kazhydromet.kz сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайға болжамдар жарияланады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.