ҚАНТ БАҒАСЫ БІР ЖЫЛДА 15,1% ТӨМЕНДЕДІ
Қазақстанда 2018 жылдың наурыз айында азық-түлік тауарларының бағасы 2017 жылғы наурызбен салыстырғанда 5,5%-ке өсті.
Есепті кезеңде алкогольді ішімдіктер – 10,4%, сүт өнімдері – 9,7%, кондитерлік өнімдер – 8,3%, балық және теңіз өнімдері – 8,2%, тоқаш және ұн өнімдері – 6,7%, жемістер мен көкөністер – 6,3%, кофе, шай және какао – 4,1%, макарон өнімдері – 1,9%, нан – 0,8%, ұн 0,6%-ке қымбаттады, ал жармалардың бағасы – 19,1%, қант бағасы 15,1%-ке төмендеді. Ет және ет өнімдері бағасының өсімі 8,5%-ды құрады. Сиыр еті – 10,1%, жылқы еті және шұжық өнімдері – 8,5%, қой еті – 8,4%, шошқа еті – 8,1%, құс еті 3,5%-ке қымбаттаған.