» » Ірі кәсіпорындардың басым бөлігі ақпараттық технологияларға инвестицияны арттыруда

Ірі кәсіпорындардың басым бөлігі ақпараттық технологияларға инвестицияны арттыруда

Еліміздегі ірі кәсіпорындардың 90 пайызы ақпараттық технологияларға бөлінетін инвестиция көлемін арттырып жатыр. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев айтты.
Алдымен холдинг басшысы өткен жылы ақпараттық телекоммуникация саласында қандай жұмыстар атқарылғанын әрі биыл «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын негізгі бағыттарға тоқталды.
«2018 жылы «Зерде» холдингінің «KPMG» компаниясымен бірлесе инфракоммуникациялық технологияларға талдау жүргізді. Талдаудың нәтижесі бойынша, біз айтарлықтай өсім барын байқадық. 2017 жылдың қорытындысы бойынша өсім 3%-ды көрсетті», - дейді холдинг басшысы.
Руслан Еңсебаевтың айтуынша, Қазақстанда ІТ-өнімдері экспортының көлемі біршама азайыпты.
«Біз өз өнімімізді жеткізген елдерде импорттың орнын ауыстыру саясаты жүріп жатыр. Бұл елдерде экономиканың әлсіреуі байқалады. Сонымен қатар Қазақстанға келетін ІТ-өнімдері импортының мөлшері біршама төмендеді», - дейді холдинг басшысы.
Сонымен қатар ол елімізде ірі компаниялар ақпараттық технологияларға баса мән бере бастағанын жеткізді.

16 ақпан 2018 ж. 862 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031