» » Қазақстан журналистеріне байқау жарияланды

Қазақстан журналистеріне байқау жарияланды

 Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қаты­нас­тардың 25 жылдығына орай Еуропалық одақтың Қазақстандағы Өкілдігі, Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен Қазмедиа медиамектебімен бірлесе отырып, қазақстандық журналистерге арналған «Еуроодақ – Қазақстан: әріптестік пен ынтымақтастықтың 25 жылдығы» атты кәсіби халықаралық тағылымдамаға байқау жариялайды.
Байқау Еуропалық одақ пен Қазақстан Республикасы арасындағы қатынастарды кеңейтуге әрі нығайтуға, ашық диалог қалыптастыруға және Қазақстан медиа қауымдастығында Еуропалық одақ туралы ақпараттың кеңеюіне бағытталған. Байқау нәтижесінде ЕО институттары (Еуропалық Парламент, ЕО Кеңесі, Еуропалық Комиссия, Еуропалық сыртқы істер қызметі) мен Брюссельде медиа пулды зерделеу үшін бір апталық таныстыру тағылымдамаға қатысуға 3 жеңімпаз іріктелетін болады.
Сонымен қатар жеңімпаздар Еуропалық Комиссияның күнделікті брифингтеріне қатыса алады және ішінара ЕО институттарының жұмыс механизмдерімен танысады. Сондай-ақ жеңімпаздар 2018 жыл барысында Қазмедиа медиамектебінің тренингтері мен семинарларына («Хабар» агенттігі шеберханасы жобасы) қатысу мүмкіндігін алады.
Тағылымдама қорытындылары бойынша қатысушыға ЕО Өкілдігінің және Қазмедиа медиамектебінің атынан ұсыныс хат және сертификат тапсырылатын болады. Конкурсқа өтініш қабылдау 2018 жылдың 30 сәуіріне дейін жүргізіледі.
©Рауан ҚАЙДАР
04 сәуір 2018 ж. 871 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031