АСТАНАНЫ ГАЗДАНДЫРУ ЖОБАСЫН ШЕТЕЛ БАНКІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫ МҮМКІН
Астананы газдандыру жобасын Еуропалық Реконструция және Даму Банкі қаржыландыруы мүмкін. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР Энергетика министрінің айтуынша қазіргі таңда банкпен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
ҚР Энергетика министрінің айтуынша қазіргі таңда банкпен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
"Астананы, сондай-ақ орталық және солтүстік аймақтарды газбен қамту мақсатында "Қазтрансгаз" компаниясы "Сарыарқа" магистральді газ құбыры құрылысы жобасы бойынша техника экономикалық негіздеме жасап, тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр. Сараптама нәтижесі оң қорытынды берді. Қазіргі таңда Еуропалық Реконструкция және Даму Банкімен жобаны қаржыладыру бойынша белсенді келіссөздер жүргізілуде", - деді министр.
Министрдің айтуынша, жоба бойынша Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі, Астана әкімшілігі, "Самұрық-Қазынаның" қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып жатыр, олар "Сарыарқа" магистарльді құбыр құрылысы жобасын қаржыландыру бойынша шарттар кестесін анықтамақ.
Қанат Бозымбаев жобаны жүзеге асыру барысында 192 жеке қазандықты, 48 кіші коммуналдық қазандықты, 22 мың жеке үйлерді және ТЭЦ-1, ТЭЦ-3 су жылыту қазандығын газға ауыстыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Біздің есеп бойынша, қалдықтар шығару жылына 35 мың тоннаға азаяды. Сондай-ақ, магистральді газ-құбыр желісі жолында инфрақұрылымды дамытуға, табиғи газ пайдаланатын жаңа кәсіпорындарды ашуға мүмкіндік береді", - деп сөзін түйді Бозымбаев.