6 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсіп, оңтүстік және шығыста найзағай ойнайды.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 20-25, екпіні 30 м/с-ге дейін жетеді.
Ақмола, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді.
Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге, екпіні 25 м/с-ге дейін жетеді.
Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ге дейін жетеді деп болжанады.