» » Алматыда бильярдтан әлем чемпиондары анықталды

Алматыда бильярдтан әлем чемпиондары анықталды

   Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бильярдтан «динамикалық пирамида» бойынша әлем чемпионатының финалдық ойындары өтті. Байрақты бәсекеде әлемнің үздік спортшылары бақ сынады, деп хабарлайды لBaq.kz ақпарат агенттігі.

Төрт күн бойы 19 елден келген 84 спортшы алып шаһарда бас қосып, өзара мықтыны анықтады. Олардың ішінде әлем чемпиондарымен қатар жас спортшылар да бар. Жарыс нәтижелері бойынша әйелдер арасында алтынды Беларусь спортшысы Екатерина Перепечаева жеңді, ал Ресейден келген Диана Миронова күміспен күптелді. Қола жүлдесін ресейлік Ольга Милованова мен Элина Нагула олжалады. Ерлер арсында украиналық Дмитрий Белозеров чемпион атанды. Екінші орынды Ресей спортшысы Иосиф Абрамов жеңсе, үздік үштікті қазақстандық Максим Пан мен Алиxан Қаранеев қорытындылады.
- Мен ел чемпионаттарына 20 рет қатысқанмен, алғаш рет жеңімпаз атандым. Өткен жылы қоланы олжалағанмын. Финалдық ойын қиын берілді, қатты қобалжыдым. Бірақ өзімді қолға алып, барымды салып ойнадым. Сол себептен де жеңдім деп ойлаймын. Бильярдта жеңіс сенің мүмкіндіктеріңе емес, ойлау қабілеті мен псиxологияңа байланысты, сондықтан ойың таза болу қажет, - деп бөлісті чемпионат жеңімпазы Дмитрий Белозеров.
Айта кетер жайт, әлемдік бәсекеде еліміздің намысын үздік құрама командасы қорғады. Қазақстан құрамасының сапында әлемнің үш дүркін чемпионы, Еуропа және Азия біріншіліктерінің жеңімпазы Әлихан Каранеев, әлем чемпиондары Ернар Шымбаев пен Әлібек Омаров өнер көрсетті.
Жарыс жүлдегері Алиxан Қаранеев атап өткендей, елімізде бұл спорт түрі қарқынды дамып келеді, жас спортшылар үшін Еуропадан тәжірибиелі бапкерлер шақырылды.
- Мен бильярд спортынан Қазақстан Федерациясына осындай чемпионатты ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін. Қола да жақсы жүлде деп ойлаймын. Қарсыласьарымыз мықты болды, әсіресе, финалдағы чемпионмен кездесу жақсы өтті. Оларды да жеңістерімен құттықтаймын, - деп қорытындылады Алиxан Қаранеев.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегердері медаль, диплом және кубоктармен марапатталды. Чемпионаттың салтанатты жабылу рәсіміне бильярд спортынан Қазақстан халықаралық Федерацияларының өкілдері қатысып, қатысушыларға осы чемпинатқа қатысқаны үшін алғысын білдірді.


09 сәуір 2018 ж. 818 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031