» » Қол кептіруге арналған құрылғының бактерия тарататыны белгілі болды

Қол кептіруге арналған құрылғының бактерия тарататыны белгілі болды

   Американдық ғалымдар жақында жүргізген зерттеу барысында қол кептіргіште қанша бактериялардың өмір сүретінін зерттемекші болды. Зерттеу кезінде кептіргіштің микробтарды тарататын құрылғы екені анықталды.  Сондықтан адам денсаулығы үшін ең тиімдісі сүлгі қолдану болып тұр.

Қолыңызды жуып, электр кептіргішпен кептіргеннен кейін бұл процедураны қайта жасауыңызға тура келеді.  Өйткені, құрылғыдағы жылытылған ауада көптеген зиянды бактериялар мен лас талшықтар бар. Сондай-ақ, олар  басқа бөлмелерге қарағанда дәретхана мен ваннада көп болады. Бұл туралы vistanews.ru хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Микробтар мен лас талшықтар ылғалды қолға жақсы қонады. Құрылғыдан түскен бактериялар қолды жақсылап жумайынша кетпейді. Ал олар біріншіден тамақтану кезінде адам ағзасына кіріп кетуі мүмкін. Әрине, кептіргіште арнайы бактерияға қарсы сүзгі болған жағдайда ол қауіптен аулақ болуға болады. Алайда ауруханаларда және дәретханада сүлгілерді пайдалану тиімдірек болмақ.
Бұрын жүргізілген зерттеулерге сәйкес, қолға қонған кептіргіштегі бактериялар қоршаған ортада тез тарайды екен.
Айта кетейік, мамандар адамдар әр тағаммен бірге көп мөлшерде пластикалық бөлшектерді тұтынатынын анықтаған болатын. Адам ағзасына күніне осындай жүздеген микропластикалық талшықтар енеді екен.


09 сәуір 2018 ж. 717 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031