5 қалада ауа сапасы төмендейді
ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 9 сәуір күні Қазақстанның қалаларындағы ауа сапасына әсер етуі мүмкін қолайсыз метеожағдайлар туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
Астана, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Ақсай, Орал, Өскемен қалаларындағы метеожағдайлар атомосферадағы зиянды заттардың ыдырауына ықпал етеді. Ақтау, Жаңаөзен, Атырау, Қарағанды, Шымкент қалаларындағы метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына әсер етеді. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазгидромет мекемесінің www.kazhydromet.kz сайтында алдағы тәуліктердегі жайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы болжамды білуге болады. ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғал, ауа температурасы) болжамы.