» » Қазақстанның көп бөлігінде ауа сапасы жақсарады

Қазақстанның көп бөлігінде ауа сапасы жақсарады

    10 сәуір күні Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы төмендейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, Алматы, Астана, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен, Шымкент қалаларында метеожағдайлар жақсарып, зиянды заттардың сейілуіне ықпал ететін болады. Ал Ақтау, Жаңаөзен, Ақтөбе, Ақсай, Орал қалаларында метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына алып келеді.
Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазгидрометтің www.kazhydromet.kz сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) болжамы жарияланады. ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.
ҚМЖ жағдайында елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.


10 сәуір 2018 ж. 976 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031