Алматыда өтетін Азия кубогында 300-ге жуық жас дзюдошы күш сынасады
21-22 сәуір күндері Алматы қаласында жастар арасында дзюдодан Азия кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті Бекет Махмұтовтың құрметіне арналған құрлық кубогы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізіледі. Әлемдік додаға 1998-1999 жылдары туған татами шеберлері қатысады. 300-ге жуық жас дзюдошы 8 салмақ дәрежесінде, атап айтқанда, ұлдар: -55, -60 кг, -66 кг, -73 кг, -81 кг, -90 кг, -100 кг, +100 кг салмақ дәрежелерінде белдессе, қыздар -44 кг, -48 кг, -52 кг, -57 кг, -63 кг, -70 кг, -78 кг, +78 кг салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды. IJF ережесіне сәйкес Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге - 60, қола жүлдегерге - 40 ұпайдан беріледі. «Халық Арена» спорт сарайында өтетін Азия кубогының жарыс кестесі: Айта кетерлігі, Бекет Махмұтов - Қазақстан Дзюдо федерациясының құрметті президенті. Ол 2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті, сондай-ақ, Азия Дзюдо одағының вице-президенті қызметін атқарған.