» » Пайдалы кеңес

Пайдалы кеңес

   СУ – МЫҢ ДЕРТТІҢ ДАУАСЫ
  Су – бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Ағзада су болмаса жасушалар жұмысын тоқтатады. Адам шөлдегенде сумен қоса түрлі сусындарды ішеді. Ол сусынның  ағзаға қосымша күш түсіретінін білмейді. Ағзаға судың жетіспеушілігі зат алмасудың бұзылуына, қуық пен ас қорыту мүшелерінің ауруына апарып соғады. Сондықтан көптеген аурудың алдын алу үшін күнделікті тұрмыста пайдаланатын ауыз суды тұтынған жөн.       
       Жапония халқы таңертең 3 стақан су ішеді. Бұл денедегі барлық функциялардың оянуына оң әсерін тигізеді. Ағзаны сумен тазарту қымбат және сирек кездесетін дәрі-дәрмектің күшімен бірдей. Бүкіл әлем бойынша сау және жұқпалы аурудан зардап шегетін жандар үшін бұл әдістің тиімділігі дәлелденген.
Сумен емделу процедурасы
Таңертең аш қарынға (тіс тазаламастан бұрын) 4 стақан судың төртеуін ішу керек. Су ішкеннен кейін 45 минутқа дейін тамақтануға болмайды. Егде жастағы кісілер 4 стақанды бірден тауыса алмауы мүмкін. Олар әуелгіде аз-аздан бастап, кейін бірте-бірте көбейтсе болады.
Кранның суын да ішуге болады, тек алдын-ала тұндырып қойған жөн. Ас үй құбырының суын шыны немесе керамика ыдысқа құйып, 30 минут тұндырады. Онан соң басқа ыдысқа алмастырып, ішіне күміс қасық салып қойса денсаулыққа пайдалы.
Суменемдеу тәжірибесі төмендегідей дерті барларға оң ықпалын тигізген:
Диабет – 30 күнде
Гипертония – 30 күнде
Обыр – 9 айда
Туберкулез және менингит – 6 айда
Іш қатуы – 4 күнде
Зәр шығару жолдары – 10 күнде
Құлақ, тыныс алу жолдары – 20 күнде
Жүрек ауруы – 20 күнде
Бас ауруы – 3 күнде
Анемия – 30 күнде
Семіздік – 4 айда
Эпилепсия – 9 айда
 Кардиолог кеңесі:
Ұйқыдан тұра сала су ішу ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне пайдасын тигізеді.
Тамақтан 1 сағат бұрын қабылдау астың қорытылуын жақсартады.
Ваннаға түсер алдындағы 1 стақан су қысымды реттейді.
Жатар алдында су ішсеңіз, инсульттың алдын алуға көмектеседі. 
Дәрі-дәрмекті салқын сумен ішпеңіз.
Су мөлшерінің көп бөлігін күндіз, ал кешке қарай аз ішуге тырысыңыз.
Аружан ЕРАЛЫ
26 сәуір 2018 ж. 875 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031