Жас полицейлер слеті
Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінде ішкі істер органдарының жас қызметкерлер слеті өтті. Шараға ішкі істер органына жаңадан қабылданған 60 қызметкер мен олардың тәлімгерлері және ардагерлер қатысты.
Слетте кадр жұмыстары басқарма бастығының орынбасары полиция подполковнигі Бағлан Бисен алғы сөз алып, азаматтардың қауіпсіздігі мен құқығын қамтамасыз етуде ішкі істер органдары қызметкерлеріне жауапты міндет жүктелетінін ескертіп, жоғарғы буын қызметкерлер мен тәлімгерлер жас қызметкерлердің бойына ұлтжандылық қасиетті сіңіріп, өз үлгісі арқылы ҚР заңдарына деген құрмет қалыптастыру қажеттілігіне тоқталды. Ішкі істер органдарының ардагерлері де естеліктерімен және тәжірибесімен бөлісіп, жас қызметкерлер қызметіне сәттілік тіледі. Ал слетке қатысушы жас мамандар ОІІД-нің арнайы техникаларымен танысып, арнайы жасақ қызметкерлерінің ұрыс кезіндегі әдіс-тәсілдерін меңгерді.