» » Табысты адамдар құпиясы

Табысты адамдар құпиясы

  Биыл аймағымызда «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» болып бекітілді. Осы мақсатта облыстық Ә.Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында «Дәулетті және табысты адамдардың құпиясы»атты жаскәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды. 
Шарада Business Start инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі Ж.Оразмаханов қатысушыларға шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру мәселелеріне қатысты кеңес беріп, тәжірибесімен бөлісті. Қызылорда  қалалық Е.Әуелбеков  атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп-интернатының экономика пәнінің мұғалімі А.Сейсекеева мектепте алдағы уақытта экономика пәнінен бизнестің бастапқы қадамдары, бизнес жоспар құру бойынша сабақ өтетінін айтты. Сабақ барысында оқушылар қаржы нарығын бағамдау бағытында теориялық білім алып ғана қоймай, кәсіпкерлік нысандарында шеберлік сабақтарынан өтеді. Ал облыстық жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Ә.Мұратұлы бизнесте алғашқы қадам жасауға ниетті жастарға табысты іс жүргізіп жүрген жандардың жетістік құпиясымен бөлісті. Шара соңында жастар «Кәсіпкерлік – Қазақстанның жетістікке апарар күші»атты кітап көрмесімен танысты.
27 сәуір 2018 ж. 1 146 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031