» » Бизнес старт көмектеседі

Бизнес старт көмектеседі

Еліміздегі іргелі оқу орны Қорқыт ата атындағы ҚМУ инновациялық жобаларды жүзеге асыратын студенттерді қолдау мақсатында бірнеше орталықтың ашылуына себепкер болды. Сондай орталықтың бірі – «Бизнес старт». Бұл орталық өз ісін бастағысы келетін, бірақ оған мүмкіндігі мен тәжірибесі аздық ететін студенттердің инновациялық идеясын дамытып, кәсібін ашуға көмек береді. Сонымен қатар компьютерлік және көшірме техникаларын, интернет пен коммуникация, бухгалтерлік есеп жүргізу, қауіпсіздік, консалтингтік, білім беру сынды қызметтерді тегін көрсетеді. Аталмыш орталықта командалар топтасып бірге бизнес идеяларын жүзеге асырады. Мәселен, "Enactus" командасы тың жоба әзірлеп, Алматы қаласында ұйымдастырылған республикалық "Project night" жобалар жарысында жүлделі І орынды иеленді. Оған еліміздің 6 өңірінен 20 команда қатысты.
  – «Бизнес Start» орталығының тәжірибелі студенттері бірнеше бизнес идеяларды жүзеге асыруда. Соның бір дәлелі Алматы қаласы Алматы менеджмент университетінде "Project night" сатысы бойынша өткен жарыс түнгі сағат 23.00-де басталып, азанғы 09.30-да аяқталды. Осы уақыт аралығында тобымыз екі жоба әзірледі. Бірінші жоба – киберқорғаныс, екіншісі – билюзи деп аталады. Екінші жобамыз сәтті шығып бізге жеңіс әкелді. Билюзи сөзі билборд және жалюз сөзінің қосындысынан шыққан. Яғни билбордтың қалдығынан жалюз дайындауға болатынын дәлелдедік, – дейді «Бизнес старт» инновациялық жобаларды жүзеге асыру орталығының жетекшісі Жандос Оразмаханов.
Енді бастамашыл жастар Астана қаласында өтетін Ұлттық "Enactus" турниріне қызу дайындалуда. Бұл сайыстан да озық шықса, Лондонда өтетін халықаралық сайыста бақ сынамақ.
«Бизнес-Start» орталығы бұдан бөлек, «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы бойынша «Жақаев ізбасарлары Ақмаяда» атты еңбек-тынығу лагерін ұйымдастырып, жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттап, ауыл шаруашылығына қатысты бизнес идеялар арасында байқау өткізіп келеді. Сонымен қатар «Мансап-Қызылорда» ЖШС-мен бірігіп университет базасында оқушылар арасында «Мен кәсіпкермін» атты тақырыпта сайыс өткізуді жоспарлауда. Бүгінде «Бизнес-старт» орталығында 6 жеке кәсіпкерлік ашылып, 20 студент жұмыспен қамтылған. Оның ішінде IT-технологиясына байлынысты тың 3 жоба бар. Аталған жобаларды өндірісте дамыту мақсатында белгілі кәсіпкерлер мен студенттер арасында бейресми кездесу ұйымдастыру жоспарланған.
15 ақпан 2018 ж. 1 520 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930