» » Ұсақ бұзақылық тыйылмай тұр

Ұсақ бұзақылық тыйылмай тұр

Өткен аптада Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәжіліс залында 2018 жылдың І тоқсанының қорытындысын   ақпараттандыру мақсатында баспасөз отырысы болды.
Сот төрағасы Қ.Абдуллаевтың айтуынша, қылмыстық істерді қарау, оның ішінде жасөспірімдерге қатысты істер өткен тоқсанға қарағанда біршама өскен. Ағымдағы жылдың 3 айында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарына баруы, он сегіз жасқа толмағандарға  темекі сату, жасөспірімдер жасаған бұзақылық және олардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болуы сияқты істер көп қаралған. Салыстырмалы түрде қарасақ, 2017 жылдың  соңғы 3 айында 15, биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында 41 ұсақ бұзақылық тіркеліп, өткен көрсеткіштен 26 құқық бұзушылыққа  артқан.
– Аталған істердің көбеюінің бірден-бір себебі, жасөспірімдер тәрбиелеп отырған отбасылардың әлеуметік жағдайы мен құқықтық мәдениеті төмен, кәмелетке толмағандардың бос уақыты көп, тұрмыстық және еңбек жағдайы дұрыс ұйымдастырылмаған,–дейді сот төрағасы Қанатбек Амангелдіұлы.
Ержан Бекмырзаұлы
25 сәуір 2018 ж. 923 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031