Қарабайыр ойлау шеңберінен қалай шығуға болады
Қателіктер мен құлдыраулардан қорықпаңыз
Кейбір адамдар бірдеңеден жолы болмаса болды, өзін бейбақтар қатарына жатқыза салады. Өз-өзіңді сыйлау жұмыспен тікелей байланысты болғанда, кез келген қателік біліксіздігіңнің дәлелі ретінде қабылданады. Бірақ дәл осылай ойлау қарабайырлық шеңберінен шығуға кедергі. Егер сіз құлдырауға дайын болмасаңыз, онда сіз өз қателіктеріңізден сабақ ала алмайсыз және жаңа ештеңеге үйренбейсіз. Ал егер үйренбесеңіз, сіз ешқашан дамымайсыз және өспейсіз.
Егер сіз тезірек жетістікке жеткіңіз келсе, онда сәтсіздіктер жиілігін еселеуіңіз қажет. Сәттілік сәтсіздіктің арғы бетінде.
Сәтсіздіктер бойсұнуға үйретеді. Олар мінезді қалыптастырады және бәріне тым байсалды қарамауға, өз қателіктеріңді күліп қабылдауға мүмкіндік береді.
Әрдайым ілім үйреніңіз
Көптеген адам білім алып, өзін-өзі дамытудың орнына бос уақытын ойын-сауыққа жұмсайды. Бұның себебі де бар, өйткені оқу қиын. Біреуден көмек сұрау, әрдайым жетіліп отыру, сәтсіздіктерге тап болу — мұның бәрі оңай емес.
Қайталау қызық емес және жалықтырады, сондықтан бір нәрсені толық меңгеретін адам аз. Бірдеңені үйрену оңай болмайды, бірақ есіңізде болсын:
- Күнделікті, білім алуға бөлген уақытыңызда, миллиондаған адам қолына кітап алмайды.
- Әр таңда, ертерек іс тындыру үшін оянсаңыз, басқалар ұйықтап жатады.
- Күнделікті, алға ұмтылғаныңызда, миллиондар беріліп жатады.
Қалағаныңызға қол жеткізе алатыныңызға сеніңіз
Жүрегінің түбінде, көптеген адам өзін табысты ететін қасиеттерге ие емеспін деп есетпейді. Және бейсанаға құйылған бұл ой өздігінен орындала бастайды: егер сіз өзіңізге сенбесеңіз, сіздің қолыңыздан ештеңе келмейді.
Бай болып кететініне сенбейінше, бай болуға ешкім де дайын емес.
Бір нәрсеге жетсем деп миыңызды бағыттағанда, ол сол жолда жұмыс істей бастайды.
Ақшаға немесе жоғары лауазымға емес, жаңа тәжірибеге, өз-өзіңді дамытуға асығыңыз.
Адамдар өмірде ненің құнды екенін білмегендіктен жиі бақытсыздыққа ұшырайды. Қазір кез келген адам «сарапшы» немесе «басшы» бола алады. Егер тек ақша мен лауазымдардың артынан қусаңыз, соңында құлазу мен зарығуға тап боласыз. Сынақтар мен өзіндік даму арқылы үйрену — басты құндылық болуы тиіс.
Бақытты да, табысты да жаулап алу мүмкін емес, ол өзі пайда болуы керек.
Көптеген адам өз өмірін ақша, қауіпсіздік, мойындату сияқты бос дүниенің артынан қуумен өткізеді. Бірақ мұның бәрі сіз ұмтылған дүниені бермейді. Сол себепті жоғары лауазым мен басқаларға әсер қалдырамын деудің төңірегінде шырғаланып қалмаңыз. Өзіңізбен мақтана алатын адам болуға тырысуды көздеңіз.
Көреалмаушылықтан арылыңыз, өзіңізбен көбірек жұмыс істеңіз
Көреалмаушылықпен өтікзген әр уақыт — зая кеткен уақыт. Егер басқаларға жалтақтай берсеңіз, өзіңіз өз болудан қаласыз. Көзқарастар мен әрекеттер тоғыспаған кезде сіз өзіңізді бақытсыз сезінесіз. Сондықтан басқалардың табысын қызғана бермей, өзіңізбен жұмыс істеңіз.
Үйреніңіз, тәжірибе жасаңыз, қателіктер жасап, ненің бұрыс, ненің дұрыс істемейтінін анықтаңыз. Сіз уақыт өте жылдамдығыңызды артырып мақсатыңызға жақындайсыз.
- Нышанасыздықтың орнына жетістікті таңдаңыз.
- Ойын-сауықтың орнына білім алуды таңдаңыз.
- Көреалмаушылықтың орнына өзіңізді дамытыңыз.
- Басқалардың қалауларын емес, өз қалауыңызды таңдаңыз.