» » Аштықты қалай алдауға және өзіңді азырақ жеуге қалай көндіруге болады?

Аштықты қалай алдауға және өзіңді азырақ жеуге қалай көндіруге болады?

   Өзіңді қолға алып, өз-өзіңмен келісім жасап және мөлшермен тамақтануды бастауға бола ма?
Біз өзімізге бір тәтті нанмен немесе бір тоқашпен шектелемін деген уәдені жиі береміз, алайда сөзімізде тұра алмаймыз ба? Өзіңді қолға алып, өз-өзіңмен келісім жасап және мөлшермен тамақтануды бастауға бола ма?
Әрине, болады! Міне, аштықты жеңудің және тамақты аз мөлшерде қабылдаудың ең қолайлы тәсілдері.
Сізге ол не үшін қажет екенін түсініңізЕгер сіздің рационыңызда бәрі, ас мәзірінің құрамы және порцияның мөлшерімен қоса, өз көңіліңізден шығатын болса, онда өзіңізді аз мөлшерде тамақтануға көндіру ешқашан қолыңыздан келмейді. Жаңа дағды «сіңіп кетуі» үшін, сіз, жалпы мұның бәрі не үшін қажет екенін түсінуіңіз қажет.
Жейтін тағамыңыздың көлемін азайтқан кезде жылына 10 килограммға дейін тастауға болады. Және де бұл ешқандай шектеулерсіз – тек таңғы, түскі және кешкі асыңыздың мөлшерін азайтыңыз. 

Сымбатты тұлға, жылдам зат алмасу, артық тамақтанудан бостандық (сіз өлшемсіз кеңейе беретін асқазанмен қоштасасыз) және денеңізде үнемі жеңілдік – міне, бұл тағамға деген өзінің көзқарасын өзгертіп, аз мөлшерде тамақтануды бастайтындарды күтіп тұрған жанға жағымды бонустардың бірнешеуі ғана.
Дәрумендер көбірек, тәттілер азырақӨзіңді азырақ жеуге үйрету – соншалықты қиын тапсырма емес, мысалы, тәтті жемеу және мүлдем бас тарту тәрізді. Құрамында қант бар өнімдерді жеуді доғарған кезде, сіздің денеңізде айтарлықтай өзгерістер болады.

Өйткені, дәл осы тәттілер, көбінесе біздің тағамға тәуелділігімізге жауапты болады. Қант көздері есірткі тәрізді әсер ететіндіктен (десерттен кейін сіз тағы да тәтті бірдеңе жегіңіз келетін шығар), олар артық тамақтануға және тамақ мөлшерінің көбеюіне әкеледі.

Рационыңыздағы қантты көп мөлшердегі жемістер мен көкөністерге алмастырыңыз. Көп кешікпей, сіз тәттінің екінші және үшінші порциясын жегіңіз келмей қалғанын байқайсыз.
Рационыңызды қадағалаңызЕгер сіз өзіңіздің әлсіз жеріңізді білсеңіз және онымен күресетін болсаңыз, онда «жеуге болмайтын» тағамдарды көргенде шыдап тұру әлдеқайда оңай болады. Бір қалақша балмұздақтан кейін тоқтай алмайсыз ба? Онда тоңазытқышта мүлде балмұздақ тұрмайтындай болсын. Қытырлақ картоп қалтасымен кино көргенді ұнатасыз ба? Оларды сатып алуды тоқтатыңыз. 

Өзіңізді өзіңіз жеңе алатындығыңызға сенімді болғанға дейін осындай қатаң тәсілдер сізге дағды қалыптастыруға көмектеседі. Тамақтану күнделігін жүргізіңіз: көптеген адамдар үшін бұл өзі жеген тағамның мөлшерін көзбе-көз бақылап отырудың және нені артық жегені мен қандай сәтте дер кезінде тоқтау керек екені жайында сәйкесінше тұжырым жасаудың ең оңай тәсілі.
Ешқандай алаңдатпа факторларынсызБіз ешқашан өзімізді азырақ жеуге үйрете алмаймыз, егер тамақ ішуді алаңдатпа әрекеттерден бөліп ала алмасақ. Бұл жерде сөз таңғы ас кезінде әлеуметтік желідегі ақпарат таспасын көру, жұмыс үстелінде асығыс түскі ас ішу және кино көріп отырып кешкі ас ішу жайында болып отыр.
Мейрамханадағы мерекелік дастархан не болмаса достарыңмен болған көңілді кеш кезінде қалай тым артық тамақтанатындығымыз жайында мүлде айтпай-ақ қойсақ та болады – сіз оны өзіңіз де жақсы білесіз.
Жоқ дегенде бір рет көңіл көтеру үшін емес, ас ішу үшін тамақтанып көріңіз – толықтай тыныштықта және мүлде жалғыз, барлық гаджеттерді алысырақ итеріп қойып. Тамақтанып болған соң, ыдысты жуып, өз жұмыстарыңызды жалғастырыңыз.
Асықпай және азырақПайдалы тағамдармен тамақтанудың алтын ережесін екі сөзбен ғана жеткізуге болады – асықпай және азырақ. Өз порцияңды азайту және аштықты алдау үшін сізге асықпай тамақтану және кішкентай тәрелке қолдану қажет.
Адам баласы іс жүзінде өзінің тәрелкесіне салынғанның бәрін жейді (дәлірек айтқанда – тамақтың шамамен 90%-ын). Сондықтан ыдыс сізге лайықты порцияға көшуге мүмкіндік береді.
Тамақты артық дайындамауды қолға алып көріңіз: егер үстеме тамақ болмайтын болса, сіздің артық тамақ жеуіңіз де екіталай. Ал ең қарапайым кешкі астан кейін де аш қалмау үшін, тамақты мұқият шайнаңыз және ешқайда асықпаңыз.
Күйзеліс пен зерігуді ажыратып үйреніңізЖағымсыз эмоцияларды сезінгенде, қолайсыз жағдайларды бастан өткергенде, көңілсіздік басқанына алаңдағанда немесе, керісінше көңілсіздіктен зардап шеккенде, жаныңызды қанағаттандыру мен жеңілдетудің қолжетімді көзі ретінде біз көбінесе тағамға бас қоямыз.
Егер сіз өзіңізді артық тамақ жеуге азғыратын осыған ұқсас белгілерді анықтап үйренсеңіз, сізге тіптен өзіңізді азырақ жеуге көндірудің қажеті де болмайды. Сіз шын мәнінде өзіңіздің ашығып тұрмағаныңызды байқағаннан кейін, мұндай жайсыздықтың шынайы себебін таба аласыз.
Өз билігіңізді өзіңізге жүргізуге машықтаныңыз және тынығу мен көңілденудің басқа да тәсілдерін іздеуді үйреніңіз. Өйткені біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз.
17 сәуір 2018 ж. 1 145 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031