ҚР Премьер-Министрінің баспасөз хатшысы қызметінен кетті
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің жетекшісі-баспасөз хатшысы Айдос Қыдырма қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметінің жетекшісі- баспасөз хатшысы ретіндегі қызметімді аяқтадым. Тапсырылған сенімі үшін Бақытжан Әбдірұлына, көрсетілген қолдау үшін БАҚ өкілдері мен бірге жұмыс атқарған қызметтестерге үлкен алғыс айтамын», - деп жазады Айдос Қыдырма Фейсбуктегі парақшасында. Ол қызмет барысында тілектестік білдірген барлық достарына алғыс айтты. «Алдағы еңбек жолымды дипломатиялық қызметке арнап, Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі ретінде жалғастыратын боламын», - дейді А.Қыдырма.