» » Ерке Есмахан: Арабтармен бірге сәресіне оянып, ауыз ашқанның өзіндік раxаты бар (фото)

Ерке Есмахан: Арабтармен бірге сәресіне оянып, ауыз ашқанның өзіндік раxаты бар (фото)

   Танымал әнші Ерке Есмахан ұлымен бірге Дубайда демалып жатыр. Фильм түсірілді, ән жазылды, бейнебаян шықты деп саяхатқа аттанып кеттім, дейді әнші, деп жазады Stan.kz.


Қасиетті Рамазан айында Біріккен Араб Әмірліктерінде демалып жатқан әншінің сөзінше, арабтармен бірге сәресіне оянып, ауыз ашқанның өзіндік раxаты бар.
«Фильм түсірілді. Ән жазылды. Бейнебаян шықты. Біраз шаруа тынды деп саяxатқа аттанып кеткенмін. Көздеген жеріміз Араб Әмірліктеріне жеттік. Алысқа бармай, оразада ерекше берекелі Дубайды таңдадық. Жақында ғана келіп кетсек те, өзге мейманханаларды көрейік деп шештік.
Ауа райы +40 градус ыстықты көрсетіп тұр. Бірақ, арабтармен бірге сәресіне оянып, ауыз ашқанның өзіндік раxаты бар деп ойлаймыз. Қасиетті асыл дініміз исламды ерекше ұстанатын Дубайда демалыс пен қоса руxани ләззат алып қайтамыз деп сенемін.  Муслимге ұнап жатыр», – деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Өз кезегінде желі қолданушылары Еркеге демалысының сәтті өтуін тілеп жатыр.
23 мамыр 2018 ж. 1 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930