» » » Ерке Есмахан жұртты таңғалдырды

Ерке Есмахан жұртты таңғалдырды

 Осыдан бірнеше жыл бұрын Ерке Есмахан отандық “Жұлдызды дода” бағдарламасына қатысып, өзін жаңа қырынан танытқан еді. Ол танымал әншілерге пародия жасаған-ды. Алайда ол шақта Еркенің атағы қазіргідей болмағандықтан, жоба барысында жұрт әншіге аса назар аудармады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Есесіне бүгінде тыңдарманның Еркенің шығармашылығына деген қызығушылығы жоғары. Жұрт бірнеше жыл бұрын болған жоба видеоларын енді қарап, түрлі пікірлерін білдіруде.
“Мен сізді танымай қалдым. Атыңызды жазғаннан кейін де күмәнмен қарадым, толық болған екенсіз, домалақ бет те әдемі жарасады екен”, “Ерке жарайсың, мен қайта-қайта көрдім. Қазақтың маңдайына біткен қызсың”, “Мүлдем өзіне ұқсамайды ғой”, – деп таңғалысты жұрт.
Өзгелер Еркеге грим салынғанын айтып, әншіні ақтаумен болды.
Айтпақшы, жобадан алынған үзіндіні күні кеше әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады.
Айта кетейік, Ерке “Жұлдызды дода” шоуында Роза Бағлановадан бөлек, Мәдина Ералиева, Гаухар Әлімбекова, Салтанат Бақаева сынды өнер иелеріне пародия жасаған.
https://youtu.be/lUMZbskENdE
23 ақпан 2018 ж. 2 828 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930