» » ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ 5 АВТОКӨЛІК

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ЖЫЛДАМ 5 АВТОКӨЛІК

Мәссаған
  Бұрынғы заманда жігітті астындағы атына қарап таныса, қазіргі уақытта оның көлігіне қарайды. Әрине, мұндай бағалы көлік қатарына күнделікті тұрмыста пайдаланып жүрген темір тұлпарлар жарай қоймас. Кейбір жан өзінің ескі темір тұлпарына ерекше ықылас туғызып, одан заманауи "car" жасайды. Сонымен бүгінгі таңдағы ел назарына түскен ең қымбат, ең жылдам және ең ыңғайлы көліктерге баға беріп көрейік. Көлік айдаушылар да сырт көзден мұндай әрекет болатынын сезіп, ыңғайы келсе жылдамдығын арттырып, әртүрлі қимылдар жасап, көлігін ерекшелей түскісі келеді. Мұндай көліктерді көруге, оның қалай жасалғанына бүкіл әлемнің жігіттері бірден назар аударады.
Әлемдегі ең жылдам автокөліктер тізімімен таныс болыңыздар. Бұл тізімде "Koenigsegg CCX" автокөлігі бесінші орынға ойысты. Оның максималды жылдамдығы 394 км/сағ V8 қозғалтқышымен жабдықталған көлікті көрген кезде бас шайқамау мүмкін емес. 806 аттың күші бар көлік 100 км/сағ 3,2 секундта жетеді екен.
Төртінші орын −"Saleen S7 TT" көлігінде. Ол 750 аттың күшіне ие темір тұлпар максималды жылдамдығын 399 км/сағ жеткізген екен. Аталған көлік 100 км/сағ 3,2 секундта жетіп барады.
Үшінші орынды "Bugatti Veyron EB 16.4" иемденген. Максималды 408 км/сағ жылдамдықпен қозғалатын темір тұлпардың бүгінгі құны – 2,7 миллион доллар. Формула-1 автокөліктерінің жылдамдығымен бірдей көлікке кімнің болса да берер бағасы  жоғары.
 Екінші орын −"Bugatti Veyron Super Sport" автокөлігінде. 2014 жылы ең жылдам автокөлік саналған темір тұлпардың максималды жылдамдығы 431 км/сағ.
Екінші және үшінші орынды қанжығасына байлаған "Bugatti" компаниясының мамандарынан әлі де талай ең жылдам автокөлік шығарылады деп күтілуде.  
Назарларыңызда – әлемнің ең жылдам супер автокөлігі. "Hennessey Venom GT"деп аталатын темір тұлпар 435 км/сағ максималды жылдамдықпен қозғалады. Теңдессіз рекордсмен, алдына жан салмайды. Бірақ жылдамдықты арттыруға құштар жандар мұның да алдын орап өтер көлік құрастырып жатқанына сеніміміз мол. Көлігіңіздің жылдам жүргені жақсы, әрине. Бірақ жол бойында бұл тұлпар тағдырыңызды шешуі мүмкін. Сондықтан сапалы көлік алсаңыз, салмақты жүргізген дұрыс болар.
Massaget.kz порталынан алынды
24 мамыр 2018 ж. 2 840 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031