» » Қазақстандық әйел Африкада 280 отбасын тамақтандырды

Қазақстандық әйел Африкада 280 отбасын тамақтандырды

  29 жастағы ағылшын пәнінің мұғалімі Тоғжан Ынтықбаева өзінің Instagram парақшасында қайырымдылық шараның фотоларын жария етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Барлығы біреуге көмектесіп, жақсылық жасайық деген ниеттен пайда болды. Мейірімді қазақстандықтар 2,5 миллион теңге жинап берді. Бұл - 280 отбасының бір айлық азығына тең. Бүгін біз ауылдардың бірінде 10 пакетті тараттық. Балаларға тәттілер, ересектерге азық-түлік бердік. Кеше 120 пакет таратылды. Барлығы бір тонна ұн, 750 келі күріш, 750 келі қант, 250 келі тұз, кофе, томат пен макарон сатып алынды. Әуелі 80, кейін 40 пакетті екі ауылдың тұрғындарына жеткіздік» - дейді жанашыр мұғалім. Тоғжан Ынтықбаеваның жұбайы Азамат Жағыпаровтың айтуынша, оның жұбайы және құрбысы 4D карталарды сатып, ақша тапқан. «Азынаулық қаржы жинап, қасиетті Рамазан айында оны Африкаға жолдап, сол жақтағы мұқтаж жандарға көмек көрсеткіміз келді. Біз жайлы естіген Білім министрлігі таң қалды. Екі қыз бір айдың ішінде екі миллионнан астам қаражат жинаған. Африкадан арнайы шақырту келіп, қайырымдылық жасағандармен кездесуді қалайтындарын хабарлаған»,- дейді Азамат Жағыпаров. Сондай-ақ, олар Қазақстан халқына үлкен ризашылығын білдірді.

29 мамыр 2018 ж. 639 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031