Айгүл Мүкей шындықты айтты
Жақында екінші мәрте ана атанып, қызды болған Айгүл Мүкей жүкті кезінде бұл жаңалығын елден жасырған. Себебі елдің көзінен, сөзінен қорыққан. “Бақыттың тыныштықты қалайтынын” сезген танымал тележүргізуші уақыты келгенде жеке өміріне қатысты бар шындықты айтуға бекінген.
“Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында журналист қызы мен күйеуі жайлы шындықты айтты.
“Әрине, жүктілігімді жасырып жүрдім. Өйткені денсаулыққа ешқандай зияны тимесін деп әр әйел жасырып жүретін шығар. 6-7 ай болған кезде жасырмадым. Мен үшін ең үлкен бақыт. Өмірімдегі ең бақытты уақыт, өмірімдегі ең ғажайып сәттердің бірі”, – дейді Айгүл Мүкей.
Тележүргізуші толғағы келген сәтте перзентханаға өзі барған. Алайда бұл Айгүлдің жалғызбасты ана екенін білдірмейді.
“Перзентханада үш күн болдым. Перзентхананың алдында мен бір кешті ұйымдастырдым. Тұсаукесерден шыққаннан кейін, келесі күні перзентханаға бардым. Толғағым басталған кезде соны сезіп, өзім рөлге отырып, емханаға бардым. Себебі үйде ешкім болған жоқ.
Қызымның аты – Хабиба. Ол шығыста Хабиби “сүйіктім” деген мағынаны білдіреді. Бізде Хабиба Елебекова деген актриса болған. Сол кісі 100 жасады. Сондықтан Хабиба Елебекова сияқты сұлу актриса болса деп армандаймын. Бірнеше есімнің ішінен таңдадық. Папасы екеуміз сондай шешімге келдік”, – дейді Мүкей.
Тележүргізуші қызын босанған соң артынан түрлі сөз ергенін жасырмайды. Айтуынша, жұрт оны “әкесіз бала тапты” деп сынға алған. Бұл орайда Айгүл Мүкей жеке өміріне қатысты шындықты айтуға бел буды.
“Көрермендер “оның күйеуі жоқ” деп айтып жатыр. Бірақ менің күйеуім бар. Бірақ ешқандай әлеуметтік желілерде оны көрсетпеймін. Өзі де жақсы көрмейді. Бірақ маған көрермендер жазған. Міндетті түрде бүкіл отбасымды, күйеуімді Instagram-да көрсетуім керек пе? Күйеуім бар, Хабибаның папасы бар, бірге тұрып жатырмыз”, – дейді ол.
Источник: Stan.kz