Қызылордада кенеден келер қауіп жоғары
Биыл Қызылорда облысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына қолайсыз елді мекендер саны 117-ден 127-ге көбейді.
Ал жыл басынан бері 428 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген. Өткен жылдың осы мерзімінде 565 кене шағу дерегі тіркелген болатын. Өткен жылы кенеден келетін кеселге күдікті 27 жағдай тіркеліп, 1 адам көз жұмды. Ал биыл күдікті 4 науқас анықталып отыр. Мамандар табиғи ошақтарға да зерттеу жүргізіп, 2 мың 507 сынама алған. Оның 2 пайызынан Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының вирусы анықталған. Осыған орай сәуір айында басталған ауру ошақтарын кенеге қарсы өңдеу және санитарлық қорғаныс белдеулерін құру шаралары маусымның соңына дейін жалғаспақ.
Әлия Әбдіқайымова, облыстық Қоғамдық дансаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:
- Дегенмен бізде қуантатын жағдай емес, өйткені зақымдалған кенелер саны бізде бар. Әсіресе жоғары болып тұрғаны – солтүстік өңірлер, ол – Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары. Зақымдалған кенелер көрсеткіші облыстық орташа көрсеткіштен, республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болып отыр. Тиісінше күдікті жағдай Қазалы ауданында болды. Бірақ бәрі жақсы аяқталды. Уақытында дәрігерлер бақылауға алды. Ем жасады. Сол себепті науқас аман-есен үй жағдайына шығарылды.
24 кз