» » Қазақ тілін меңгеру деңгейі бағаланды

Қазақ тілін меңгеру деңгейі бағаланды

   ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйым қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейі жыл сайын осы ҚАЗТЕСТ жүйесі негізінде анықталып отырады. Мемлекеттік бағдарламада ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы анықталатын мемлекеттік тілді В1 және С1 деңгейлерінде меңгерген мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі бойынша арнайы нәтижелі көрсеткіштер қарастырылған. Көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында облысымызда жыл сайын диагностикалық және сертификаттық тестілеулер өткізіліп келеді.
Биылғы жылы Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы «ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп 200 адамды сертификаттық тестілеуден өткізуді жоспарлады.
2018 жылғы 23-24 сәуірде ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сертификаттық тестілеу ұйымдастырылып, оған мемлекеттік тілді оқыту курсынан және ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша семинар-тренингтерден өткен мемлекеттік және бюджеттік сала қызметшілерінен, мемлекеттік қызмет көрсету ұйымдарының қызметкерлерінен барлығы 100 адам қатысты.
Сертификаттық тестілеудің қорытындысымен сынаққа қатысқан 100 адамның 84-і, атап айтқанда В1 деңгейі бойынша 64 адам, В2 деңгейі бойынша 12 адам, С1 деңгейі бойынша 8 адам жақсы көрсеткішке қол жеткізіп, ҚАЗТЕСТ сертификатын иеленді. 
2018 жылғы 4 маусымда Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімдігінің баспасөз-клубында ҚАЗТЕСТ сертификаттарын тапсыру рәсімі өткізілді.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының орынбасары Г.Исмаилова облыс әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың, облыстық тілдерді оқыту орталығының мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлеріне ҚАЗТЕСТ сертификатын салтанатты түрде тапсырды.
Жыл барысында Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мусаева ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша облысымызда ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар жайлы атап өтіп, сертификат алушыларды құттықтады.
05 маусым 2018 ж. 1 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031