» » Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанды ойсырата жеңді

Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанды ойсырата жеңді

   Елордадағы «Астана-арена» стадионында өткен футболдан Қазақстан  мен Әзербайжан құрамалары арасындағы жолдастық матчы мәресіне жетті. Нәтижесінде алаң иелері қарсыластарын 3:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, бірінші кезеңнің 13-інші және 15-минутында қазақстандық Роман Мұртазаев пен Серікжан Мужиков 2 доп соқты. Ойын нүктесін 89-минутта ҚР құрамасының ойыншысы Бахтиёр Зайнутдинов қойды. Осылайша, футболшыларымыз 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.  
Біздің құрама үшін Әзербайжан сыралғы қарсылас. Бүгінгі күнге дейін қос құрама сегіз мәрте кездесті. Жолдастық кездесуде үш мәрте ойнаса, бір мәрте Шымкент қаласында өткен халықаралық турнирде доп тепті. Сондай-ақ іріктеу кезеңінде 4 ойында шеберлік байқасты.  
Қазақстан құрамасы 3 мәрте жеңіске жетсе, екі мәрте жеңілді, 2 ойында тең ойын тіркелді. Соңғы мәрте құрамалар 2016 жылы 26 наурызда Түркияның Анталия қаласында жасыл алаңға шығып, онда Мақсат Байжановтың 8-ші минутта соққан жалғыз добы бізге жеңіс сыйлады.
ФИФА-ның соңғы рейтингінде Қазақстан 117-орында тұрса, Әзербайжан 126-орынға жайғасқан.
Естеріңізге сала кетелік, қос құрама да биыл алғаш рет бастау алатын Ұлттар лигасында 4 дивизионда сынға түседі. Қазақстан құрамасының қарсыластары - Андорра, Грузия және Латвия, Әзірбайжан Мальта, Фарер аралдары және Косовомен сынға түседі.
Үстіміздегі жылы Қазақстан құрамасы 3 ойын өткізді. Біздің футболшылар 23 және 26 наурызда Венгрия жерінде алаң иелерін 3:2 есебімен жеңіп, Болгариядан 1:2 есебімен жеңілді. Болгар маманы Станимир Стоилов жетекшілігімен біздің құрама 3 ойын өткізіп, оның 2-де жеңіске жетті.
06 маусым 2018 ж. 815 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031