Мемлекеттік қызметші отбасымен сайысты

Отбасылық жарысты өткізудің басты мақсаты мемлекеттік қызметші арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру, «денсаулық зор байлық» деген сөзді қоғамда кеңінен насихаттау, жемқорлыққа қарсы күресте отбасының рөлін арттыру.
5 эстафеталық ойын түрінен қызық та тартысты өткізілген спорттық сайыста білім басқармасынан қатысқан Әбдірамановтар отбасы жеңімпаз атанса, әділет департаментінен «бдреевтер отбасы жүлделі екінші орынды және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан Мұхитдиновтар отбасы үшінші орынды иеленді.Жеңіске жеткен отбасылар арнайы кубокпен, дипломмен және сыйлықпен марапатталды. Спартакиадаға қатысқан барлық отбасыға алғыс хат табысталып, балаларға сыйлық берілді.