Бүлдіршіндер сурет салудан сайысты

Байқаудың мақсаты – балаларлың өнерге деген қызығушылығын арттыру, балалардың патриоттық сезімін дамыту. Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіруге, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру.
Суретшілер сайысына Н.Бекежанов атындағы драма театрының суретшісі Темірбек Нұрғалиұлы төреағалық етті. Қорытындысында Б.Нягина 3 – ші орыннан көрінсе, М.Серікбай 2-ші орынды иеленді. Ал жүлделі 1-ші орынды Р.Бақдәулет алды.Шара соңы концертке ұласты.