ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР БАС ҚОСТЫ
«Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанованың жетекшілігімен өткен Өңірлік Іскер әйелдер кеңесінің отырысында жаңа бастама легі талқыланды.
Өңірдің іскер қыз-келіншектері қарастырған мәселенің бірі – белсенді әйелдің бейінді қауымдастыққа бірігу қажеттілігі. Мұндай бірігу арқылы орын алған мәселелерді өңірлік және республикалық деңгейде тез шешуге ғана емес, сондай-ақ нақты салада бизнестің бәсекелестік қабілеттілігін арттыруға жол ашады.
Кездесуде шығарылатын өнімді тиімді сату үшін өндірістік-логистикалық тізбекті ұйымдастыру мен кооперативтік қозғалысты іске асыруға баса назар аударылды.