МАУСЫМ АЯҚТАЛДЫ

Ойын “Қазақстан КВН Одағы” Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі Қызылорда филиалының ұйымдастыруымен өтті. Жоғары лигада өнер көрсеткен «Қоғалыкөл» құрамасы осы жылдың чемпионы атанды. Ал, 2-орынды «Абылайхан» тобы иеленді. Айта кету керек, бұл топ "жұлдызбен көрініс" бөлімінде сәтті ойын көрсетті. 3-орын "ҚГЭК" құрамасына бұйырды. Ал "Байқоңыр", "ҚМУ жастар" құрамалары маусымның финалистері атанды. Жеңімпаздарға кубок табысталып, финалистер жаңа маусымның ойындарына жолдама алды.