» » Тұрмыстық қалдық қайта өнделедІ

Тұрмыстық қалдық қайта өнделедІ

БРИФИНГ
   2003 жылы облыс экологтары факельдерде ілеспе газды жағудан шыққан ластағыш заттарға арнайы әдіс ойлап тапты. Бұл бастама  облыстық сессияда бекітіліп, қолданысқа енген еді. Бұған қоса әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес ірі табиғат пайдаланушыға табиғатты ластағаны үшін 10 еселенген төлем нормасы енгізілді. Осылайша сол жылдары жергілікті бюджетке жылына 2,5 млрд. пен 4,5 млрд. теңге арасында қаржы түсе бастады деп мәлімдеді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев.
Ірі жер қойнауын пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау іс-шарасына өз қаржысы есебінен жыл сайын орташа 5,6 млрд. теңге көлемінде қаражат бөліп, табиғат қорғау жобасы жүзеге асуда. Жинақталған 145 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтың 6,45 тоннасы қайта өңделген. Қайта өңдеу үлесі 3,45%-ды құрады. Биыл Энергетика министрлігінің қолдауымен құрамында сынап бар жарамсыз электр шамын бөліп жинауға арналған 850 арнайы контейнер орнатылды. Нәтижесінде аймақ кәсіпкерлері тұрмыстық қатты қалдықтан шатыр жамылғысын және жаяу жүргінші жолына арналған төсеніш жасап шығаруда. Сондай-ақ өңірімізде шешімін таппай келген қалдықтың бірі тозығы жеткен автокөлік болса, Энергетика министрлігінің бастамасымен жеңіл көлігін өткізген азаматқа ақшалай сыйақы беру жобасы қолданысқа енді. Ал 2017 жылдың маусымынан ескі көлікті жеңілдік сертификатына алмастыратын екінші бағдарлама іске қосылып, тозығы жеткен 2460 автомашина қабылданған. Экологиялық жағдайды жақсарту және экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында облыс бойынша 1645 қоғамдық көліктің 663 данасы газ отынына көшірілген, сонымен қатар, облыс бойынша газ құю бекетінің саны 63-ке жетті.
Айгүл ӘЛІШЕРОВА
08 маусым 2018 ж. 705 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031