ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ БАҚЫЛАУДА
Брифинг
Былтырғы бюджеттің атқарылуы туралы мәліметке сүйенсек, жергілікті бюджет 99,7 пайызды құрады. Есепті кезеңде «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік мекемелердегі қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалап, олардың атқарылуы жөніндегі операцияларды жүргізу барысында Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті арқылы 2017 жылы барлығы 422296 қаржылық құжат қабылданып, оның 411553-і орындалды, сондай-ақ, 10743-і ресми хат арқылы орындаусыз кері қайтарылды. Ол жалпы қабылданған қаржылық құжаттардың 2,5 пайызын құрайды. Бұл туралы өнірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы Әуезбек Дүйсенбаев мәлімдеді.
- Қаржы министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бойынша қазынашылық органдар арқылы қаржылық құжаттардың тексеріліп, өңделуін, төлем жүйесі арқылы өткізілуін биылдан бастап 6 сағат көлемінде жүзеге асырамыз, – деді ол.
Жансая СӘБИТБЕК