100 мың адамға шаққанда 10 оқиға тіркелу керек
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
– Менингокк бактерияларының түрлері үшін көптеген вакциналар бар. Жалпы, екеуі пайдаланылып келеді, оның ішінде біреуі Қазақстанда тіркелген. Вакцинаны тіркеу фармацевтикалық компаниялардың өтінімі бойынша іске асады. Қажет болған жағдайда, бұл препараттар бірден кіргізіліп, вакциналау басталады. Ауруға шалдығудың екі кезеңі бар. 100 мың тұрғынға шаққанда аптасына үш оқиға тіркелсе, штаб құру басталады. Бүгінде бізде бұл деңгей екі есеге төмен. Яғни біз профилактикалық, алдын-алу шарасын ерте бастадық. Вакциналау мәселесі 100 мың адамға шаққанда аурудың 10 оқиғасы тіркелген кезде көтеріледі. Сәйкесінше, ауруға шалдығу деңгейі жеті есеге төмен. Сондықтан вакциналау шарасы бойынша мәселе көтерілген жоқ, – деді министр.
Айта кетейік, 2 маусымда Жаңақорған ауданында "менингококты инфекция, менингит, менингококцемия" диагнозымен 27 жастағы жігіт көз жұмды.