» » Әскери қызметкер жазаға тартылды

Әскери қызметкер жазаға тартылды

   Қызылордада әскери қызметтен жалтарған жігіт жазаға тартылды. Әскери қызметшінің ісі қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ол қаладағы 55/47 әскери бөлімінің атқыштар ротасының қатардағы жауынгері болған. Жігіт келісімшарт негізінде қызмет атқарған. Жауынгер еңбек демалысынан кейін 12 күн бойы жұмысқа келмей қойған.   Қызылорда гарнизоны әскери прокуратурасының аға прокуроры Бақытжан Нұрмаханбетовтың айтуынша  әскери қызметкер еңбек талаптарын қатаң бұзған. Оны іздестіру шарасы нәтижесінде әскери қызметшінің өзінің үйінде екені белгілі болды. Алайда ол өзінің бұл әрекетін түсіндіріп бере алған жоқ. Кінәсін толық мойындап, сот алдында кешірім сұрады», - деді. Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының үкімімен қатардағы жауынгерге 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.   

22 маусым 2018 ж. 1 139 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031