» » Қазақстандық және шетелдік киножұлдыздар Астанада қызыл кілеммен жүріп өтті

Қазақстандық және шетелдік киножұлдыздар Астанада қызыл кілеммен жүріп өтті


Фестивальдің ресми сайтында мәлім етілгендей, таңғы сағат 9:00-ден «MegaSilkWay» және «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталықтарындағы «ChaplinCinemas» кинотеатрлар желісінде фестиваль фильмдерінің тегін көрсетілімі басталды. Сағат 10:00-ден бастап «WyndhamGardenAstana» қонақ үйінде халықаралық қазылар алқасы мен қысқаметражды фильмдердің қазылар алқасының, ресейлік актер Андрей Соколовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Сондай-ақ журналистермен көптен күткен әйгілі француз актері Венсан Кассел кездесті. Баспасөз мәслихатына «Еуразия» ХКФ-нің Президенті Айман Мұсақожаева, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, 71-Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясын алған актриса Самал Есләмова және тағы басқалар қатысты. Сағат 15:00-де «MegaSilkWay» СОО-ның «Chaplin» кинотеатрында режиссер Майвени ЛеБесконың «Менің патшам» фильмінің көрсетілімі мен француз актері Венсан Касселмен көрермендердің кездесуі өтті. Кешкісін XIV Халықаралық кинофестивальдің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қызыл кілемнен «Еуразия» ХКФ-нің Президенті Айман Мұсақожаева, отандық кино мэтрлер Асанәлі Әшімов, Нұржұман Ықтымбаев, Сатыбалды Нарымбетов, Смағұл Елубай, Ермек Тұрсынов және фестиваль қонақтары - француз актері Венсан Кассель,сербиялық кинорежиссёр, актер және музыкант Эмир Кустурица, ресейлік театр және кино жұлдыздары, сондай-ақ «А» санатындағы халықаралық кинофестивальдердің жетекшілері, киноиндустриядағы атақты сарапшылар мен сыншылар, танымал мәдениет қайраткерлері жүріп өтті. Кино мерекесінің айтулы оқиғасы Эмир Кустурица мен оның «TheNoSmokingOrchestra» атты тобының концерті болды. Кеш соңында қазақстандық режиссер Қуат Ахметовтің «Әруақ» фильмінің әлемдік премьерасы болды. Бүгін фестивальдің баспасөз орталығында («WyndhamGardenAstana») (сағат 11:00-де) кинорежиссер, сценарист, продюсер Анна Меликянмен және ресейлік театр және кино актрисасы Равшана Курковамен, сондай-ақ (сағат 15:00-де) сербиялық кинорежиссер және кино актер Эмир Кустурицамен тілшілермен кездесуі өтеді. 
02 шілде 2018 ж. 682 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031