» » » Жұлдыздар Қайрат Нұртастың әйеліне неге қарсы?

Жұлдыздар Қайрат Нұртастың әйеліне неге қарсы?

 Қайрат Нұртастың жары «Сыншылар таңдауында» «Үздік әйел рөлі» номинациясын иеленген болатын. Алайда өнер иелері Жұлдыз Әбдікәрімованың бұл марапатқа лайық емес екенін алға тартты деп хабарлайды «Ревю» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Жұлдыз Әбдікәрімова «Арман» фильмінде бас кейіпкерді сомдағаны үшін «Үздік әйел рөлі» номинациясын жеңіп алған болатын. Сондай-ақ ол бұл жеңісін енесі Гүлзира Айдарбековаға арнады.
Алайда бұл жолғы сыншылардың «таңдауы дұрыс емес» дегендер де табылды.
«Халыққа жақсы ұнаған кино алдыға шығу керек. Ал, критиктардың жиырма адамнан жинағаны менің көңілімнен шығып жатқан жоқ», - дейді режиссер Жеңісхан Момышев.

Сондай-ақ бұл пікірге актриса Динара Бақтыбаева да қосылады.
«Менің ойымша үздік комедия, үздік драма, үздік экшн деп бөлек-бөлек жүлде беру керек. Осы үш аталымға ортақ марапат беру қисынсыз», - деді ол. 
27 наурыз 2018 ж. 1 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031