ЕЛБАСЫ ӘБУ ДАБИДІҢ МҰРАГЕР ХАНЗАДАСЫНА ӘКЕСІ ТУРАЛЫ КІТАПТЫ СЫЙҒА ТАРТТЫ
Ресми қарсы алу рәсімі аяқталғаннан кейін тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен байланыстарды одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін талқылады.
Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында берік достық қарым-қатынас орнағанын айтып, тақ мұрагеріне жұмыс кестесінің тығыздығына қарамастан, елімізге ресми сапармен келгені үшін ризашылық білдірді.
– Екі жақты достық қатынастардың арқасында елдеріміздің бизнес және мемлекеттік құрылымдары арасындағы ынтымақтастық дамып келеді. Сауда-саттық көлемі 2 есе өсті. Біз инвестицияны қорғау және салық салу саласында уағдаластықтарға қол жеткіздік, – деді Қазақстан Президенті.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев су энергетикасы, газ және химия кешенін тұрғызу салаларындағы жобаларды одан әрі іске асыру мәселелеріне тоқталды.
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктерінің ғылым мен технологияны дамыту үшін атқарып жатқан жұмыстарын атап өтіп, екі ел арасында енгізілген визасыз режімнің тиімділігін айтты.
Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауымен қолға алынған әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысына тоқталды.
Абу-Дабидің тақ мұрагері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның күш-жігерлерінің арқасында екі ел арасында достық әрі тығыз байланыстар қалыптасқанын атап өтті.
– Елдеріміз арасында бауырластық қатынас орнаған. Біз Сізді үлкен ағамыз деп санаймыз. Өмірлік тәжірибеңіз мол. Сізді құрмет тұтамыз. 30 жыл бұрын Қазақстан осындай өзгерістерді бастан өткереді деп ешкім күтпеген еді. Қазір Қазақстан – көшбасшы ел, өңірдегі жетекші мемлекеттердің бірі. Осының бәріне Сіздің көрегендігіңіз бен пайым парасатыңыздың арқасында қол жеткізілді, – деді шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян.
Тақ мұрагері Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян екі жақты қатынастарды ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның әрі қарай өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Кездесу барысында Мемлекет басшысы Абу-Дабидің тақ мұрагеріне оның әкесі шейх Заид бен Сұлтан Әл Наһаянның Қазақстанда басып шығарылған «Бірігудің күш-қуаты» атты кітабы мен «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалін сыйлады.