"ЖАС ОТАН" ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Жалағаш ауданындағы іс-сапар аясында Талғат Оспанұлы "Жас Отан" Жастар қанаты Жалағаш ауданы бөлімшесінің кезектен тыс есеп беру-сайлау жиынына қатысты. Жиынға Жалағаш ауданы "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаншагүл Шоңмұрынқызы және аудан жастары қатысты.
Жиында күн тәртібіндегі екі мәселе қаралды. Біріншісі, "Жас Отан" Жастар қанаты Жалағаш аудандық бөлімшесінің 2017 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есеп беруі. Екіншісі, "Жас Отан" ЖҚ-ның Жалағаш аудандық бөлімшесіне жаңа басшы сайлау.
Жиын қорытындысы бойынша "Жас Отан" Жастар қанаты Жалағаш аудандық бөлімшесінің басшысына ұсынылған Серәлі Нарбота кандидатурасы ұсынылып, кеңес мүшелері бір ауыздан мақұлдады.