Марстан су табылды

«Марстың оңтүстік полюсінен алыста тіркелген сигналдардан да қатты жарық аумақты анықтадық. Мұны ешқандай да құрақ материалмен түсіндіре алмайсың. Біз жалғыз мүмкін болатын түсініктеме деп судың сұйық күйінде бар болуы деген тұжырымға тоқтадық», - деді ол.
Ғалымдар көлдің диаметрі 20 шақырым болады деп болжап отыр. Қызыл планетаның бетінен 1,5 км терең. Ол ғарыштық сәулелерден қорғалған және мамандар мүмкін болатын өмір сүру формасының жағдайына сай келетінін айтып отыр.
Осы радармен 2005 жылы басталған зерттеу жұмыстары «Рома тре», «Сапиенца» және Пескары университеттері ғалымдарының қолдауымен жүргізіліп келеді. Олар бұл судың өзгермейтін түрде бұрыннан бар болғанын айтып отыр. Бұдан бөлек, Марста мұндай көл жалғыз емес екенін, оңтүстік полюста тағы да көлдер болуы мүмкін екенін атап өтті.