» » 400-ден астам студент білім депозиті арқылы оқуда

400-ден астам студент білім депозиті арқылы оқуда

Елімізде 400-ден астам студент білім депозиті аясында оқып жатыр. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қаржы орталығы» АҚ Білім беру қызметтеріне ақы төлеу жүйесін дамыту департаментінің менеджері Алпамыс Сатыбалдин мәлімдеді.
«Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жайында айтып кететін болсақ, ол 2013 жылы Елбасының бастамасымен «Білім беру жинақтау жүйесі туралы» заң қабылданған болатын. Осы заңға сәйкес халық арасында білім депозиті деген бағдарлама кеңінен танымал болып кетті. Аталған бағдарламаға сәйкес Қазақстанның кез-келген азаматы өзіне немесе өз баласына білім депозитін ашып, банктен алатын сыйақыдан бөлек мемлекеттен қосымша сыйақы алуына болады. Жинақталған қаржыны Қазақстанда болсын, шетелде болсын ЖОО-да білім алуына қоладнуына болады. Жалпы, бұл бағдарлама екінші деңгейлі банк арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Халық банкі, Нұрбанк, Цеснабанк және ВТБ банк аталған бағдарламаның қатысушылары болып табылады. Яғни, кез-келген банк қатыса алмайды», – деген ол банктерге қойылатын заңның арнайы талаптары бар екенін айтты.
Банк сол заң талаптарына сәйкес келіп жатса ғана аталған бағдарламаға қатыса алады.
«Яғни, банктердің 12% дейінгі жылдық тиімді сыйақысының үстіне мемлекет жыл сайын 5% жылдық сыйақы қосып береді. Мұндай сыйақы әлеуметтік қорғалмаған топтар үшін 7% көлемінде қарастырылған», – деді департамент менеджері.
Оның айтуынша, Қазақстан жақын Азия мемлекеттерінің ішінде дәл осындай бағдарламаны енгізген алғашқы мемлекет болып отыр. Балама бағдарламаны қабылдаған әлемде тоғыз мемлекет бар көрінеді.
30 шілде 2018 ж. 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031